Кенесов Нурлан Маратулы

Кенесов Нурлан Маратулы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Туған күні
29 Мамыр, 1983
42 жас
Туған жері
Қарағанды қаласы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша
Еңбек жолы

2010–2011 жылдары Қарағанды облысы әкімінің аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің эксперті қызметтерін атқарды.

2011–2013 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің кадр мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы, «Нұр Отан» ХДП төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды.

2013–2015 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары болды.

2015–2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2016–2019 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі, кейін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры болды.

2019–2022 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Тимірязев ауданының әкімі қызметін атқарды.

2022–2023 жылдары «QazIndustry» Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ индустриялық инфрақұрылымды дамыту дирекциясын басқарды, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының РМК «АЦО» Ұлттық талдау орталығының директоры, сондай-ақ ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» жобалық қызметті қамтамасыз ету орталығының аға директоры қызметтерін атқарды.

2023–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігінің өндірістік инфрақұрылымды және ішкі елдік құндылықты дамыту департаментінің директоры болды.

2024–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің көлік саясаты департаментінің директоры, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өңірлік даму мониторингі бөлімінің инспекторы қызметтерін атқарды.

2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Білімі
  • Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (2005, 2007)
    Мамандығы: «Көліктегі ұйымдастыру және басқару жөніндегі инженер, менеджмент»

  • Imperial College London, Ұлыбритания, «Болашақ» бағдарламасы бойынша (2009)

  • Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі (2015)
    Әлеуметтік ғылымдар магистрі – мемлекеттік саясат