Кенжебеков Руслан Айтыкенович

Кенжебеков Руслан Айтыкенович

Агроөнеркәсіптік кешен, ветеринария және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

Туған күні
5 қараша 1978, 47 жаста
Туған жері
Қарағанды облысы,Ақтоғай ауданы,Қызыларай ауылы.; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қылмыстық құқық және процесс кафедрасының оқытушысы (01.2000–04.2000);

Қарағанды облысы Абай ауданы білім бөлімінің мектептер бойынша әдіскері (05.2002–07.2002);

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің аппаратында спорт жөніндегі бас маман (07.2002–10.2004);

Қарағанды қаласы, Қарағанды облыстық туризм және спорт комитетінің жекпе-жек бойынша БЖСМ самбо жаттықтырушы-педагогы (12.2004–04.2005);

Теміртау қаласы Әділет департаментінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі жанындағы нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің жетекші маманы (04.2005–05.2007);

Теміртау қаласы Әділет басқармасы бастығының орынбасары, Қарағанды облысының Әділет департаменті (05.2007–02.2008);

Қарағанды облысының Әділет департаментінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі бастығы (02.2008–06.2009);

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті Ішкі әкімшілік басқармасының бас сарапшысы (06.2009–06.2009);

«Орион-04» ЖШС директорының орынбасары, Балқаш қаласы (06.2009–11.2009);

Қарағанды облысы Ұлытау аудандық соты №2 кеңсесінің меңгерушісі (11.2009–02.2010);

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі бас консультанты, Нұр-Сұлтан қ. (02.2010–03.2012);

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясы басшысының орынбасары (03.2012–08.2013);

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясының басшысы (08.2013–11.2014);

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Қарағанды облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары (11.2014–05.2018);

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Алматы облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы, Талдықорған қ. (05.2018–05.2019);

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің адами ресурстармен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры (05.2019–10.2019);

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы (10.2019–10.2021);

Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі (08.2022);

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі консультанты, Астана қ. (08.2022–01.2023);

Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік даму және бақылау бөлімі өңірлік инспекторы (2024);

«ORKENDEU» Бизнес және инфрақұрылымды дамыту қауымдастығы ЗТБ-ның Антимонополиялық саясат комитетінің төрағасы (09.2024–07.2025);

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (07.2025 бастап).

Сайланбалы лауазымдар, депутаттық:

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімі (18.01.2023, қайта сайланған – 05.11.2023–2024).

Білімі

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (1999)
Мамандығы – «Юриспруденция»

«Болашақ» Қарағанды университеті (2012)
Экономика және бизнес бакалавры

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Правосудие академиясы (2017)
Құқық магистрі

Марапаттары

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы» мерейтойлық медалі (2020)

Алғыс хаттар:
– Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінен (2019),
– Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасынан (2021);

Төс белгілер:
– «Антимонополиялық қызметтің үздігі» (2019),
– «Құрметті спорт қайраткері» (2021);

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы (2021).