Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы
- Туған күні
-
10 Сәуір, 197847 жас
- Туған жері
-
Бейнеу ауылы,Маңғыстау облысы, Қазақстан
- Тіл білуі
-
Қазақша, Орысша
1978 жылғы 10 сәуірде Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында дүниеге келген.
💼 Еңбек жолы:
Еңбек қызметін Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Қазақстан темір жолы» Атырау бөлімшесі Маңғышлақ станциясында кезекші машықкер ретінде бастаған.
Әр жылдары келесі лауазымдарды атқарған:
· Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі құрылымдарында бас маман, басқарма бастығы;
· Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және жолдар комитеті төрағасының орынбасары;
· «Вокзал-сервис» АҚ президенті;
· «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның жолаушылар тасымалы жөніндегі басқарушы директоры және «Пассажирские перевозки» АҚ басқарма төрағасы;
· «Теміржолсу» АҚ президенті;
· Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары (2018–2020);
· Ақтау қаласының әкімі (2020–2022);
· «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директоры (2023–2024).
2024 жылғы 17 мамырдан бастап — Маңғыстау облысының әкімі.
· Қазақ көлік және коммуникация академиясы (1999) — мамандығы «Темір жол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру»;
· Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2003) — мамандығы «Қаржы және қаржылық құқық».
· «Ерен еңбегі үшін» медалі (09.12.2013);
· «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» мерекелік медалі (17.01.2006);
· «Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл» медалі (28.08.2020).