Кольбаев Марлен Капашович

Кольбаев Марлен Капашович

Жетісу облысы әкімінің орынбасары

Туған күні
4 мамыр 1976, 50 жаста
Туған жері
Алматы облысы, Қаратал ауданы, Қанабек ауылы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

  • Экономика ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Кәсіпкерлік саласындағы реттеуші ортаны оңтайландыру» (09.2007)

  • Экономика доценті (2010)

  • Ресей Табиғи Ғылымдар Академиясының профессоры (02.2013)

  • Халықаралық информатизация академиясының толық мүшесі (2012)

Еңбек өтілі:

  • Техникалық директор, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, біліктілікті арттыру институтының директоры, әкімшілік- шаруашылық жұмыс проректоры қызметін атқарумен қатар, «Жетісу» институтының ректоры міндетін атқарушы (1999–2008)

  • Талдықорған қаласы кәсіпкерлік бөлімі бастығы, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары (2008–2011)

  • Академик У. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының «Экономика және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы (2008 жылдан бастап)

  • «ЖетісуАгроСауда» ЖШС, Талдықорған өңірі сауда қызметі басқармасы бастығы, «Жетісу» Ұлттық компаниясы АҚ еншілес компаниясы (2011–09.2013)

  • Талдықорған қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары (04.09.2013–09.2018)

  • Талдықорған қаласы әкімінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі орынбасары (09.2018–12.2018)

  • Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы (12.2018–08.2022)

  • Жетісу облысы Көксу ауданының әкімі (08.2022–11.2023)

  • Жетісу облысы әкімінің орынбасары (с 11.2023)

Ғылыми, әдеби еңбектері, жарияланымдары:

  • 40-тан астам ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде: 1 монография («Шағын кәсіпкерліктегі реттеуші ортаны рационализациялау», Алматы–2008), 4 оқу құралы және 30-дан астам ғылыми мақалалар.

Әскери қызмет, әскери және арнайы атақтары, дәрежелері:

  • Қазақстан Республикасы Республикалық гвардиясының арнайы бөлімшесінде қызмет (05.1994–12.1995)

Білімі

  • «Жетісу» институты (2002 ж.)
    Мамандығы: «Экономика және менеджмент»

  • Академик У. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы (2008 ж.)
    Мамандығы: «Құқықтану»