Коломин Михаил Петрович

Коломин Михаил Петрович

«ЮрИнфо» компаниясы» ЖШС бас директоры

Туған күні
18 қаңтар 1982, 44 жаста
Туған жері
Алматы облысы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша

Өмірбаяны

Еңбек өтілі:

· ОРД ЛА 155/13 жедел уәкілі;
· «ЮрИнфо» компаниясы» ЖШС заңгердің көмекшісі, заңгер, заң бөлімі басшысының орынбасары;
· Жоба жетекшісі;
· «ЮрИнфо» компаниясы» ЖШС (ZAKON.KZ) бас директоры;
· «ИнфоТех&Сервис» ЖШС коммерциялық директоры;
· «ЮрИнфо» компаниясы» ЖШС (ZAKON.KZ) бас директоры.

Басқа лауазымдары:

· Қазақстан Республикасының бірқатар мемлекеттік органдары жанындағы сараптамалық топтардың мүшесі;
· «Халық заңгері» республикалық акциясының негізін қалаушы және ұйымдастырушысы;
· «Правмедиа» порталының негізін қалаушы;
· Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің Президиум мүшесі (13.09.2024–06.2025);
· Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының іске асырылуын бақылау жөніндегі комиссияның мүшесі (13.09.2024–06.2025).

Білімі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Заң факультеті
Мамандығы – «Құқықтану»

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі

Марапаттары

 

· «Ерен еңбегі үшін» медалі (23.06.2025);
· Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының алғыс хаттары, құрмет грамоталары және ведомстволық медальдары.