Константин Павлович Ильницкий

Константин Павлович Ильницкий

Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы

Туған күні
14 қаңтар 1986, 40 жаста
Туған жері
Қазақстан, Қарағанды қаласы
Тілдерді білуі
kz, ru, en

Өмірбаяны

Халықаралық бизнес академиясының ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің зертханашысы, ақпараттық технологиялар кафедрасының жүйелік технигі (2006–2008)

«Сары-Арқа» әуежайы» АҚ кезекші инженер-жүйелік технигі (2008–2009)

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүйелік-техникалық қызмет көрсету бөлімінің аға инженері, бөлім бастығы, ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасының басшысы (2009–2019)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника сараптамасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Корпоративтік қауіпсіздік орталығының ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бас менеджері, IT қауіпсіздігі тобының жетекшісі (2018–2019)

«Бірыңғай үйлестіру орталығы» КММ Call-орталығы ауысымының жетекшісі (2019)

Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының жобалау, ақпараттандыру және байланыс бөлімінің басшысы (11.2019–02.2022)

Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының орынбасары (02.2020–04.2023)

Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы (2023 жылғы сәуірден бастап)

Білімі

Халықаралық бизнес академиясы (2008) – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы

Дүниежүзілік технологиялық университеті (2009) – «Менеджмент» мамандығы

Халықаралық бизнес академиясы (2012) – «Экономика» мамандығы, экономика ғылымдарының магистрі

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (2013) – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы, техника және технологиялар магистрі