Қуаныш Ғалымжанұлы Ысқақов
Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы
Өмірбаяны
2005–2006 жылдары Шымкент қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінде бас маман болып қызмет атқарды
2006–2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасында жетекші маман болды
2007–2008 жылдары «Халықаралық Абай клубы» ЖШС-нің бас бухгалтері қызметін атқарды
2008–2014 жылдары Шымкент қалалық қаржы бөлімінде бухгалтерлік есеп және есептілік, бюджеттің орындалуын талдау, бюджеттік талдау және нәтижелерді бағалау секторларының меңгерушісі және бас маманы болып жұмыс істеді
2014–2015 жылдары Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшы орынбасары болды
2015–2016 жылдары Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміндегі «ҚуатЖылуОрталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды
2016–2017 жылдары Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі болды
2017 жылы «КЗ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы жөніндегі директоры қызметін атқарды
2017–2018 жылдары Ордабасы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, көлік және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болды
2020–2021 жылдары «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның бюджет жоспарлау және қаржы департаментінің менеджері, сондай-ақ осы акционерлік қоғам филиалының қатысушылармен және инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды
2021–2024 жылдары Кентау қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, кейін Кентау қаласы әкімінің орынбасары болды.
2024 жылғы 15 наурыздан 2025 жылғы қыркүйекке дейін Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды
2025 жылғы қыркүйек пен қазан аралығында Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы болды
2025 жылғы қазан айынан бастап Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді
Білімі
2005 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған
2015 жылы «Мирас» университетін бітірген
2018 жылы Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетін тәмамдаған