Жұмабекұлы Асылов

Қуаныш Жұмабекұлы Асылов

ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің аппарат басшысы
Туған күні
14 Наурыз, 1973
52 жас
Туған жері
Алматы қаласы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша
Өміріне қатысты қызықты деректер

Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының бірінші вице-президенті, бокстан спорт шеберлігіне үміткер.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері қауымдастығының президенті.

Еңбек жолы

Бизнес саласындағы басшылық лауазымдар (1995-2002).

Мемлекеттік органдарда қызмет атқарған (2002-2006).

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасында ресми іс-шаралары және сыртқы байланыстар секторының меңгерушісі (2006-2010).

Қазақстан Республикасы Есеп комитетінің қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығының директоры (2011-2013).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы (2013-2014).

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық-саяси жұмыстар және тілдер саясаты комитетінің төрағасы (2014-2017).

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі қоғамдық-саясат секторының меңгерушісі (2017-2018).

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі аналитика орталығы меңгерушісінің бірінші орынбасары (2018-2019).

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (2019-2023).

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары (01.2023-08.2025).

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігі аппаратының жетекшісі (09.2025 бастап).

Білімі

Құқықтану ғылымдарының магистрі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және саясаттану ғылымдарының магистрі Вашингтон Дюк университеті Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебі, АҚШ

Марапаттары

«Құрмет» орденінің кавалері, «Ерен еңбегі үшін», Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «ҚР ҰҚК 25 жыл» мемлекеттік медальдарімен марапатталған.

Фото
Архив казинформ
Посмотреть еще