Қуат Мұратұлы Танысбай
Қазақстан туристік қауымдастығы жанындағы Қазақстан қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының (ҚҚМҚ) вице-президенті
Өмірбаяны
2000 жылы – «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының материалдық-техникалық жабдықтау және клиринг департаментінің жетекші инженері, кейін бөлім бастығының орынбасары
2001–2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің көмекшісі, кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.К. Мәсімовтің көмекшісі
2003 жылы – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры
2003–2004 жылдары – Тяньцзинь қалалық құрылыс корпорациясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры
2004–2008 жылдары – «АзияСтройЭкспо» ЖШС-нің директоры
2009 жылғы ақпан – 2010 жылғы ақпан аралығында – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы
2010 жылғы наурыз – 2012 жылғы наурыз аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі
2012 жылғы 21 мамыр – 2013 жылғы тамыз аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы
2014 жылғы ақпан – 2017 жылғы ақпан аралығында – Қазақстан Жас кәсіпкерлер қауымдастығының бас директоры
2017 жылғы ақпан – 2018 жылғы наурыз аралығында – «Астана-Зеленстрой» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары
2018 жылдан бастап – Қазақстан туристік қауымдастығы жанындағы Қазақстан қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының (ҚҚМҚ) вице-президенті
Білімі
1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін инженер мамандығы бойынша тәмамдаған
2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген
2011 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында мемлекеттік және муниципалдық басқару мамандығы бойынша Master of Public Administration (MPA) дәрежесін алған