Құндызбек Болатұлы Әбдірасылов

Құндызбек Болатұлы Әбдірасылов

ҚР Жоғары аудиторлық палатасы аппаратының басшысы

Туған күні
16 қараша 1982, 43 жаста
Туған жері
Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

2005–2006 жылдары – Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша Салық комитетінде салық тіркеу бөлімінің штаттан тыс қызметкері, бөлім маманы

2007–2010 жылдары – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік деректер базасы департаментінің бас маманы

2010–2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы

2014–2018 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Астана қаласы бойынша статистика департаментінде бас сарапшы, басшының орынбасары, департамент басшысы

2018 жылы – ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі

2019–2021 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің кадр жұмысы бөлімінің бас инспекторы

2021–2022 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрінің хатшылығының басшысы

2022–2023 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрі хатшылығының меңгерушісі

2023–2024 жылдары – Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары

2024 жылдың сәуір айынан бастап – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы аппаратының басшысы

Білімі

«Әулие-Ата» университеті, «Экономикадағы ақпараттық жүйелер» мамандығы

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті, «Қаржы» мамандығы

Марапаттары

«Құрмет» ордені

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы