Күнсұлу Дальтонқызы Закария

Күнсұлу Дальтонқызы Закария

Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі

Туған күні
2 шілде 1967, 58 жаста
Туған жері
Қазақстан; Ұлытау облысы, Қарсақпай ауылы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

Ассистент, доцент, Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, патент бөлімінің меңгерушісі, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы (1989-2003)

Профессор, кафедра және ғылым мен халықаралық байланыстар басқармаларының меңгерушісі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (2003-2006)

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орталық аппаратының бас маманы, бас сарапшысы (2006-2008)

«Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ғылым департаментінің директоры (2008-2013)

«Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары (2013-2018)

«Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры (2018-2022)

«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ бас директоры қызметін атқарды (16.08.2022-12.04.2023)

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ басқармасының президенті (12.04.2023-22.01.2024)

Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар жөніндегі кеңесшісі (22.01.2024 бастап)

Білімі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті (1989)

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (2022)

Биология ғылымдарының кандидаты (Алматы) (1995)

Ғылыми дәрежелері және доцент, қауымдастырылған профессор (1998)

Биология ғылымдарының докторы (Москва) (2002)

Профессор (2020)

Марапаттары

«Құрмет» ордені (2023)

«Халық алғысы» медалі (2020)

Ұлытау облысының Құрметті азаматы (2023)

«Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2017)

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың алғыс хаты (2020)

«Жылдың үздік инженері» атағы (2020)

«Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2021)

«Жамбыл облысының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2021)

Қазақстан Республикасының «Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағы (2022)