Кунтуарова Куралай Зейнуллиевна
- Туған күні
-
30 Тамыз, 197352 жас
- Туған жері
-
Қостанай облысы,Наурызбай ауданы, Қазақсан
- Тіл білуі
-
Орысша, Қазақша
Еңбек жолын 1990 жылы балабақша тәрбиешісі болып бастады.
1997–2006 жж. – жеке кәсіпкер,
2007 ж. – Қостанай облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекші маманы,
2007–2010 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының №1 бақылау бөлімінің жетекші маманы – жетекші бақылаушы-тексерушісі,
2010–2016 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының №1 бақылау бөлімінің бас маманы – бас бақылаушы-тексерушісі,
2016–2017 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің квазимемлекеттік секторды аудиттеу бөлімінің бас маманы,
2017 ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік сектор аудиті №2 бөлімінің бас маманы – мемлекеттік аудиторы,
2017–2021 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің сапаны бақылау басқармасының бас сарапшысы – мемлекеттік аудиторы,
2021–2022 жж. – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі аудит департаментінің аудит басқармасының басшысы,
2022–2023 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің сәйкестік аудиті басқармасының бас сарапшысы,
Республикалық мемлекеттік мекеме «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті».
2023 жылдың қыркүйегінен бастап Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің басшысы – мемлекеттік аудитор қызметін атқарады.
1994 жылы Қостанай қаласындағы Қостанай кооперативтік техникумын «кооперативтік және тауарөндірушілік қызметті ұйымдастыру» мамандығы бойынша аяқтады.
2006 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша,
2016 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды университетін «юриспруденция» мамандығы бойынша тәмамдады.