Құралбек Бүркітбайұлы Атамұратов

Құралбек Бүркітбайұлы Атамұратов

Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының басшысы

Туған күні
23 қараша 1984, 41 жаста
Туған жері
Қазақстан, Алматы қаласы
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

2005 жылғы 11 қараша – 2006 жылғы 27 қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Әлеуметтік технологиялар басқармасының жетекші маманы (Астана қаласы)

2006 жылғы 27 қаңтар – 2008 жылғы 19 наурыз аралығында – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыс департаменті Саяси жоспарлау бөлімінің жетекші маманы (Астана қаласы)

2008 жылғы 19 наурыз – 2009 жылғы 26 қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің сарапшысы (Астана қаласы)

2010 жылғы 3 қыркүйек – 2011 жылғы 18 мамыр аралығында – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ Үйлестіру басқармасының сарапшысы (Астана қаласы)

2011 жылғы 18 мамыр – 2012 жылғы 18 мамыр аралығында – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ Үйлестіру басқармасының баспасөз хатшысы (Астана қаласы)

2013 жылғы 17 қаңтар – 2018 жылғы 9 тамыз аралығында – «Sana Media» ЖШС-нің бас директоры (Астана қаласы)

2018 жылғы 16 тамыз – 2019 жылғы 26 ақпан аралығында – «Sana Media» ЖШС бас директорының орынбасары (Астана қаласы)

2019 жылғы 24 маусым – 16 тамыз аралығында – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының инспекторы

2019 жылғы 23 тамыз – 2020 жылғы 8 қыркүйек аралығында – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы (Петропавл қаласы)

2020 жылғы 9 қыркүйек – 28 қазан аралығында – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (Петропавл қаласы)

2020 жылғы 2 қараша – 2021 жылғы 24 желтоқсан аралығында – «Алаш Production» ЖШС-нің бас директоры

2023 жылғы 25 мамырдан бастап – Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының басшысы

Білімі

2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша тәмамдаған