Ләззат Мұратқызы Танысбай
«Еуразия» бірінші арнасының бас директоры
Өмірбаяны
1993 жылы еңбек жолын «Қазақстан» республикалық телерадиохабар тарату компаниясында редактор ретінде бастап, кейін репортер және тележүргізуші қызметтерін атқарды
1996–2002 жылдары – «Хабар» агенттігі жаңалықтар қызметінің редактор-жүргізушісі, атқарушы продюсері
2002–2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Баспасөз қызметінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді
2005 жылғы қыркүйек – 2008 жылғы қазан аралығында – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары
2008 жылғы қазан – 2011 жылғы қараша аралығында – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары. Осы кезеңде еліміздегі алғашқы балалар арнасы – «Balapan» телеарнасының ашылуына үлес қосты
2011 жылғы қараша – 2012 жылғы ақпан аралығында – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі
2012 жылғы ақпан – 2019 жылғы сәуір аралығында – «Астана» телеарнасының бас директоры
2018 жылғы шілде – 2019 жылғы сәуір аралығында – «Нұр-Медиа» холдингінің бас директоры
2019 жылғы 8 сәуір – 2025 жылғы 18 тамыз аралығында – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрайымы. Оның басшылығымен Корпорация құрамындағы республикалық және өңірлік телеарналар мен радиоарналардың жұмысы дамытылып, 2020 жылы «Abai TV» мәдени-ағарту телеарнасы іске қосылды
2025 жылғы 18 тамыздан бастап – «Еуразия» бірінші арнасының бас директоры
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі
Білімі
Алматы халықаралық журналистика институтын тәмамдаған
Халықаралық бизнес университетінде MBA дәрежесін алған
Магистрлік диссертациясының тақырыбы – «Қазіргі Қазақстан жағдайында телеарнаның қаржылық тиімділігін арттыру жолдары»
Марапаттары
2010 жылы – Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты
2010 жылы – «Құрмет» орденімен марапатталған
2015 жылы – «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілген
2016 жылы – ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Баспасөз бен ақпаратты дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісімен марапатталған
2018 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы «Қазақстандық журналистика мен ұлттық телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін» сыйлығына ие болған