Әлібек Әсетұлы Бақаев

Әлібек Әсетұлы Бақаев

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Туған күні
09 Ақпан, 1981
44 жас
Туған жері
Қазақстан, Алматы қаласы
Тіл білуі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша, Немісше
Өміріне қатысты қызықты деректер

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі

Еңбек жолы

«ТрансОйл» СК» компаниясының бас маманы (2002)
«Zamandastar» коммерциялық компаниясының директоры (2002–2003)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаментінің референті (2004)
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінде атташе, үшінші хатшы (2004–2008)
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінде халықаралық мәселелер бойынша кеңесші, Протокол басшысы (2008–2009)
Экономикалық даму және сауда министрлігінің Халықаралық қатынастар департаментінің және Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры (2009–2012)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінде басқарма басшысы, директорының орынбасары, директоры (2012–2019)
Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Княздігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоаны, Родос және Мальта Госпитальерлерінің Егеменді Әскери ордені жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2019–2022)
Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2022–2023)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (2023 бастап)

Білімі

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Синхронды аудармашы (2002)

Рупрехт және Карл атындағы Гейдельберг университеті, ГФР (2001)

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (2011) Саясаттану мамандығы бойынша магистратура

Дюк университетінде тағылымдамадан өткен, АҚШ (2011)

Фото