Мәди Бауыржанұлы Бекмағанбетов

Мәди Бауыржанұлы Бекмағанбетов

Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы

Туған жері
Қазақстан; Қызылорда облысы, Сырдария ауданы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

Еңбек жолын 2013 жылы «125 EDU» ЖШС оқу орталығының оқытушысы болып бастаған

2015-2016 жылдары «125 EDU» ЖШС оқу орталығында ұйымдастыру және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы

2016-2017 жылдары Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының әдіскері

2017-2018 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшылығының маманы

2018-2020 жылдары Қызылорда облысының білім басқармасының тәрбие және өзін-өзі тану жұмыстары бөлімінің басшысы

2020-2022 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді

2023 жылдың 16 қазанынан бастап Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарады

Білімі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетін «Экономика» мамандығы 

Педагогика ғылымдарының магистрі