Мәдина Қуандықызы Басбаева
Балет әртісі
Өмірбаяны
2003–2013 жылдары – Астанадағы К. Бәйсейітов атындағы Ұлттық опера және балет театрының жетекші балет солисі
2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Astana Opera» Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының балет труппасының басшысы әрі жетекші солисі
Франциядағы Ұлттық Бордо операсында шақырылған солист, сондай-ақ Беларусь Республикасының Үлкен опера және балет театрында шақырылған солист ретінде өнер көрсеткен
Балеттік партиялары:
Мария (Б. Асафьев, «Бақшасарай фонтаны»)
Одетта-Одиллия (П. Чайковский, «Аққу көлі»)
Мари (П. Чайковский, «Щелкунчик»)
Никия (Л. Минкус, «Баядерка»)
Китри (Л. Минкус, «Дон Кихот»)
Аврора (П. Чайковский, «Ұйқыдағы ару»)
Джульетта (С. Прокофьев, «Ромео мен Джульетта»)
Фригия (А. Хачатурян, «Спартак»)
Сванильда (Л. Делиб, «Коппелия»)
Эсмеральда (Ц. Пуни, «Эсмеральда»)
Жизель (А. Адан, «Жизель»)
Медора (А. Адан, «Корсар»)
Сильфида (Х. Левенсхольд, «Сильфида»)
Лиза (П. Гертель, «Бекер сақтық»)
Мазурка (Ф. Шопен, «Шопениана»)
Эсмеральда (М. Жарр, «Париж Құдай Ана соборы»)
Манон (Г. Массне, «Манон») және т.б.
Білімі
2003 жылы А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін бітірді
Марапаттары
Жетістіктері
2006, 2009 жылдары — «Шабыт» шығармашыл жастар халықаралық фестивалінің I дәрежелі сыйлығының лауреаты (Астана)
2006 жыл — «Бәйтерек» балет әртістерінің халықаралық конкурсының III дәрежелі сыйлығының лауреаты (Астана)
2007 жыл — «Премия Рима» балет әртістерінің халықаралық конкурсының II дәрежелі сыйлығының лауреаты (Италия)
2009 жыл — «Бәйтерек» балет әртістерінің халықаралық конкурсының Гран-при иегері (Астана)
Мемлекеттік марапаттары
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қазақ балет өнерін шетелде насихаттауға қосқан зор үлесі және жоғары орындаушылық шеберлігі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді
2012 жыл — Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері
2017 жыл — «Хореографиялық өнер» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы жүлде қорының лауреаты
2018 жыл — «Сахнагер-2018» ұлттық театр сыйлығының «Үздік балет әртісі» номинациясының лауреаты
2018 жыл — Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен қазақ хореографиялық өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды