Мәлік Молдабекұлы Әденов

Мәлік Молдабекұлы Әденов

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК директоры

Туған күні
27 ақпан 1969, 57 жаста
Туған жері
Қазақстан
Тілдерді білуі
kz, ru
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

1996–1999 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Туберкулез мәселелері ұлттық орталығының дәрігер-эндоскописі

1999–2001 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Туберкулез мәселелері ұлттық орталығының өкпе туберкулезі бөлімінің аға ғылыми қызметкері

2001–2003 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Туберкулез мәселелері ұлттық орталығының кеуде хирургиясы бөлімшесіндегі аспаптық диагностика тобының аға ғылыми қызметкері

2003–2006 жылдары – Penal Reform International халықаралық ұйымының «Халықаралық түрме реформасы» жобасы аясында Халықаралық ұйымдар үкіметінің түрме мекемелеріндегі туберкулезді бақылау жобасының ассистенті

2006–2007 жылдары – Нидерландтың Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі Корольдік орталық қауымдастығының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің туберкулез жөніндегі маманы

2007–2015 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Туберкулез мәселелері ұлттық орталығының бас дәрігері

2015–2017 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Туберкулез мәселелері ұлттық орталығы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары

2017 жылдан бастап – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК директоры

Білімі

1986–1994 жылдары – Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған

2000 жылы – медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған