Мағжан Жанботаұлы Ілиясов

Мағжан Жанботаұлы Ілиясов

Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Туған күні
26 Тамыз, 1974
51 жас
Туған жері
Қазақстан, Алматы қаласы
Тіл білуі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша, Немісше
Еңбек жолы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі халықаралық ұйымдар және халықаралық экономикалық қатынастар департаментінің референті, атташесі (1996-1998)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы және халықаралық экономикалық ұйымдар департаментінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы (1998-1999)
Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасының халықаралық сапарлар бөлімі (1999-2007)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (2007-2012)
Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі (2013)
Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (2013-2016)
Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Тұрақты өкіл (2016-2020)
Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі (2020-2022)
Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі (2022-2025)
Қазақстан Республикасының Исландия және Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2023-2025)

Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (20.10.2025 бастап)

Білімі

Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университеті (1996 ж.)

Дипломаттарға арналған оқу курстары, Клингендал халықаралық қатынастар институты, Гаага, Нидерланды (1998)

Гарвард университеті Дж.Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебі (2013)

Мемлекеттік басқару магистрі

Марапаттары

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі

«Ерен еңбегі үшін» медалі