Майра Мұхамедқызы

Майра Мұхамедқызы

Қазақ опера әншісі

Туған күні
5 қыркүйек 1969, 56 жаста
Туған жері
Қытай, Шыңжаң өңірі, Құлжа қаласы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша, французша, итальянша, қытайша

Өмірбаяны

1996 жылдан бастап Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры солисі

2003 жылы АҚШ-тағы Washington National Opera солисі

2003–2005 жылдары Париждегі «Pier Opera Paris» театрында, сондай-ақ Opéra National de Paris, Opéra National de Lorraine, Opéra de Rennes, Théâtre de Caen сахналарында Джакомо Пуччининің «Богема» операсында өнер көрсетті

2003 жылы режиссер Амир Каракуловтің «Жылама» («Не плачь») фильмінде басты рөлді сомдады, сондай-ақ «Елім-ай» деректі фильміне қатысты (2007)

2004 жылы Францияның ұлттық опера театрының солисі

2006 жылы Францияда Гаэтано Доницеттинің «Махаббат сусыны» операсымен 30 қойылымнан тұратын гастрольдік сапарға қатысты

Ұлыбританиядағы Cadogan Hall сахнасында Лондон филармониялық оркестрімен Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған концертте өнер көрсетті

2007 жылы Қытай Мәдениет министрлігінің шақыруымен Бейжіңдегі «Джон шан ли тан» сарайында жеке концерт берді

Францияның Нанси қаласындағы Opéra National de Lorraine сахнасында Вольфганг Амадей Моцарт шығармаларынан тұратын жеке концерт өткізді

2015 жылдың желтоқсанынан бастап Астана Опера мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі

Білімі

1994–1996 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Марапаттары

Ордендер:

«Құрмет» ордені (2016)

«Отан» ордені (2020)

Сыйлықтары:

1988 – Бейжіңдегі «Алтын айдаһар» жас опера әншілерінің бүкілқытайлық байқауында I орын

1997 – Томас Алкайде атындағы халықаралық конкурс I орын

1998 – Чайковский атындағы халықаралық конкурс III орын және арнайы диплом

2000 – «Тарлан» тәуелсіз сыйлығы («Жаңа есім – үміт»)

2004 – «Алтын адам – Жыл адамы» ұлттық сыйлығы («Опера өнерінің жұлдызы»)

2008 – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы

Дипломдары:

1995 – Римский-Корсаков атындағы халықаралық конкурс – артистік шеберлігі үшін арнайы диплом

1999 – Елена Образцова атындағы халықаралық конкурс – үш диплом және арнайы сыйлық

Атақтары мен өзге марапаттары:

«Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» (1998)

ҚР Президентінің алғыс хаттары (2013, 2019)

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия (2015)

«Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016)

«Халық алғысы» медалі (2020)

Фото