Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова

Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі
Туған күні
09 Қыркүйек, 1971
53 жас
Туған жері
Қазақстан, Қызылорда облысы
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

Физика, математика және информатика пәндерінің мұғалімі, №8 Дулати атындағы гимназия директорының орынбасары, Шымкент қаласы (1993–1999)

Математика және информатика пәндерінің мұғалімі, №1 мектеп директорының орынбасары, Серебрянск қаласы, Шығыс Қазақстан облысы (1999–2001)

Математика және информатика пәндерінің мұғалімі, №3 орта мектеп, Жетіген ауылы, Алматы облысы (2001–2003)

Математика және информатика пәндерінің мұғалімі, №18 орта мектеп, Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы (2003–2005)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Даму стратегиясы департаментінің талдау бөлімінің бас сарапшысы (2005–2007)

Білім және ғылым саласын ақпараттандыру басқармасының бастығы, Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (2007–2013)

Білім беру мониторингі басқармасының басшысы, Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (2013–2014)

Статистика және талдау басқармасының басшысы, Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (2014–2015)

Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті директорының орынбасары (2015–2017)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры (07.2017–05.2018)

Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы (05.2018–02.2020)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы (02.2020–08.2021)

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары (2022–2025)

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі (26.05.2025 бастап)

Білімі

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (1993)

Мамандығы: «Физика және информатика пәнінің мұғалімі»

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Марапаттары

«Ерен еңбегі үшін» медалі (12.2019)