Мақсат Асылбекұлы Таңғатаров

Мақсат Асылбекұлы Таңғатаров

Түркістан облысы Сауран ауданының әкімі

Туған күні
23 қыркүйек 1981, 44 жаста
Туған жері
Қазақстан; Түркістан қаласы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

Еңбек жолын 2003 жылы Түркістан қалалық білім бөлімінің есепшісі, (Бөлімге қарасты Сырдария, Ойық, Жалаңтөс, Көксарай, Игілік, Шоқтас, Шойтөбе бастауыш мектептерінің, Білім бөлімі аппаратының есепшісі) болып бастаған

2007-2010 жылдары Түркістан қалалық білім бөлімінің бас есепшісі

2010 жылы Түркістан қалалық білім бөлімінің орталықтандырылған бухгалтериясының бас маман-бас есепшісінің міндетін атқарушы

2010-2012 жылдары Түркістан қалалық білім бөлімінің орталықтандырылған бухгалтерия бөлімінің бас маман-бас есепшісі қызметтерін атқарды

2012-2017 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

2017-2019 жылдары Түркістан қаласы әкімінің орынбасары

2019-2021 жылдары аралығында Түркістан қаласы әкімдігінің «Туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Түркістан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

Түркістан қаласы әкімдігінің «Урбанистика бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін уақытша атқарушы

«Qurylys Nurcity» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болды

2021-2023 жылдары жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаты

Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы қызметтерінде болды

2023 жылы шілде айынан Сауран ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді

Білімі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Экономика» және «Құқықтану» мамандығын тәмәмдаған

Экономика ғылымдарының магистрі