Манас Ембергенұлы Рамазанов
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі
Өмірбаяны
1990–1991 жылдары А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында дәрігер-интерн болды
1991–2000 жылдары аталған орталықта ғылыми қызметкер, кейін аға ғылыми қызметкер қызметтерін атқарды
2000–2001 жылдары А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында «Хирургия» мамандығы бойынша докторантурада білім алды
2001–2006 жылдары орталықтың шұғыл хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері болды
2006–2007 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-алдын алу жұмысы департаментінде хирургиялық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы қызметін атқарды
2007–2008 жылдары А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы директорының ұйымдастыру-экономикалық жұмыс жөніндегі орынбасары, кейін ғылыми-клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары болды
2008–2013 жылдары Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды
2013–2014 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болды
2014–2018 жылдары Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарды
2018–2026 жылдары Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері болды
2026 жылғы 9 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі
Білімі
1990 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдады
2007 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша бітірді
Медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие