Марат Едігеұлы Шоранов

Марат Едігеұлы Шоранов

С.Д. Асфендияров атындағы Қаз ҰМУ ректоры

Туған күні
24 тамыз 1975, 50 жаста
Туған жері
Алматы қаласы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша

Өмірбаяны

  • 1997–1999 жж. — клиникалық ординатура, Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық урология ғылыми орталығы, литотрипсия және хирургиялық эндоскопия департаменті
  • 2002–2003 жж. — кіші ғылыми қызметкер, Б.У. Джарбұсынов атындағы Урология ғылыми орталығы, Алматы
  • 2003–2004 жж. — ғылыми қызметкер, Б.У. Джарбұсынов атындағы Урология ғылыми орталығы, Алматы
  • 2004–2006 жж. — аға ғылыми қызметкер, қоғамдық денсаулық сақтау бойынша Қазақстан мектебінің басшысы міндетін атқарушы, Алматы
  • 2006–2007 жж. — департамент басшысы, Б.У. Джарбұсынов атындағы Урология ғылыми орталығы, инновациялар және мемлекеттік сатып алулар департаменті, Алматы
  • 2007–2008 жж. — директордың орынбасары, Б.У. Джарбұсынов атындағы Урология ғылыми орталығы, Алматы
  • 2008–2009 жж. — Денсаулық сақтауды дамыту институтының директоры, Астана
  • 2010 ж. — әкімшілік интернатура, Эмори университетінің клиникасы, Атланта, Джорджия, АҚШ
  • 2012 ж. — Экономикалық зерттеулер орталығының басшысы, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы
  • 2012–2013 жж. — Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы директорының орынбасары
  • 2013–2014 жж. — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры
  • 2014–2015 жж. — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медицина қызметтерін стандарттау департаментінің директоры
  • 2015–2017 жж. — «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарушы директоры
  • 2017–2019 жж. — Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы
  • 2019 ж. — Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
  • 2019–2020 жж. — «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары
  • 2020 ж. — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі
  • 2022 ж. — басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
  • 2022 ж. — С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің басқарма төрағасы – ректоры болып тағайындалды

 

Басқа лауазымдар:

  • 2002–2006 жж. — Еуропалық урологтар қауымдастығының мүшесі
  • Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі
  • Қазақстан урологтар қауымдастығының мүшесі
  • 2010–2011 жж. — Эмори университеті түлектерінің Студенттік кеңесі директорлар кеңесінің мүшесі
  • Эмори университеті түлектері қауымдастығының мүшесі
  • Қазақстандағы денсаулық сақтау секторын дамытуға арналған Денсаулық сақтау ақпараттық бюллетенінің тең авторы

Білімі

  • 1997 ж. — Алматы қаласы, Қазақ ұлттық медицина университеті, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша дәрігер
  • 2006 ж. — АҚШ, Вирджиния штаты, Ричмонд қаласы, Вирджиния Достастығы университеті, денсаулық сақтау саласындағы саясат пен басқару бойынша курс
  • 2011 ж. — АҚШ, Джорджия штаты, Атланта қаласы, Эмори университеті, Роллинс қоғамдық денсаулық сақтау мектебі, «Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі» дәрежесі

Марапаттары

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі
    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаты
  • «2004 жылдың Үздік жас ғалымы» атағы
  • Академик Джарбұсынов атындағы сыйлық