Марат Кенжебекұлы Жұрқабаев
- Туған күні
-
10 Қыркүйек, 197649 жас
- Туған жері
-
Қазақстан
- Тіл білуі
-
Қазақша, Орысша
Еңбек жолын 1993 жылдың қазан айынан бастап "Арқалық қалалық дене шынықтыру және спорт комитеті" ММ жанындағы Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде (Бұдан әрі-БЖСМ) спорт бойынша нұсқаушы – әдіскер болып бастады
1998 жылдың тамызынан 2000 жылдың қарашасына дейін "Арқалық қалалық дене шынықтыру және спорт комитеті" ММ жанындағы БЖСМ-де самбо күресінен жаттықтырушы болып жұмыс істеді
2000 жылғы қарашадан 2001 жылғы қаңтарға дейін – Астана қаласындағы "Хамза" ЖШС менеджері
2002 жылғы мамырдан қарашаға дейін Қарабалық БЖСМ дзюдо күресінен жаттықтырушы
2003 жылдың қаңтарынан 2005 жылдың тамызына дейін З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің "Достық" спорт клубында жаттықтырушы-оқытушы, кейін директор болып жұмыс істеді
2005 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың желтоқсанына дейін дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісінен З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің оқудан тыс және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорына дейін қызмет атқарды
2010 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ бастығы қызметін атқарды
2010 жылғы тамыздан 2012 жылғы ақпанға дейін - Қостанай қаласы әкімінің орынбасары
2012 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында - Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары
2012 жылғы мамырдан 2013 жылғы шілдеге дейін техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері, кейін "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" ММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді
2013 жылдың шілдесінен 2014 жылдың қарашасына дейін Лисаков қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды
2014 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы шілдеге дейін - Қостанай қаласындағы "Социум &Я" қоғамдық бірлестігінің төрағасы
2016 жылдың шілдесінен 2018 жылдың маусымына дейін "Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК, содан кейін "Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі"КМҚК директоры қызметін атқарды
2018 жылғы маусымнан қыркүйекке дейін - "Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" ММ басшысы
2018 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың маусымына дейін - "Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысы
2021 жылғы маусымнан 2022 жылғы қаңтарға дейін - "Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" ММ басшысы
2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың 15 мамырына дейін "Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы" ММ басшысы қызметін атқарды
2024 жылғы 16 мамырдан бастап Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі болып тағайындалды
1998 жыл - Арқалық педагогикалық институты
2007 жыл - Академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті