Марат Орымбасарұлы Пашимов

Марат Орымбасарұлы Пашимов

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Туған күні
4 қазан 1981, 44 жаста
Туған жері
Қазақстан; Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Ильич кенті
Тілдерді білуі
kz, ru
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

2003–2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық кардиологиялық орталығында мейірбике (медбрат) болып жұмыс істеді

2006–2008 жылдары анестезиолог-реаниматолог дәрігері, №2 реанимация бөлімінің меңгерушісі болды

2008–2009 жылдары телемедицина орталығының меңгерушісі қызметін атқарды

2009–2015 жылдары бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс және төтенше жағдайлар жөніндегі орынбасары болды

2015–2017 жылдары Шымкент қалалық №3 емханасының бас дәрігері қызметін атқарды

2017 жылғы қаңтардан 2020 жылғы сәуірге дейін Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері болды

2020 жылғы сәуірден 2023 жылғы наурызға дейін Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды

2023 жылғы наурыздан 2025 жылғы шілдеге дейін «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрағасы болды

2025 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Білімі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы (2004, үздік) — «Емдеу ісі»

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (2008) — «Жергілікті басқаруды ұйымдастыру»

Медицина ғылымдарының кандидаты