Марат Сәметұлы Бисенғалиев
Скрипкашы
Өмірбаяны
1988 жыл Қазақстанға келіп, «Алтын алма» атты камералық концерттік ұжым құрды. Ұжымға белгілі музыканттар мен дирижерлерді шақырды. Оркестрді басқару тәжірибесі оның шығармашылығында маңызды кезең болды
1989 жыл Мәскеудегі «Мелодия» фирмасы оның орындауындағы шығармаларды жазды
1990 жыл Англияға қоныс аударды. Англия корольдігінің оркестрімен үлкен концерт берді. «Naxos» фирмасымен келісімшартқа отырды. Халықаралық концерттік залдарда өнер көрсетуге жол ашылды
1990 жылдардан бастап әлемнің әйгілі сахналарында өнер көрсетті (Карнеги Холл, Барбикан Холл, Альберт Холл және т.б.). Белсенді концерттік қызметпен айналысты. Көптеген музыкалық жазбалары жарық көрді. «Gramophone» журналы оның дискілерін жоғары бағалады
Репертуары 80-ге жуық скрипкалық концерт, 1,5 сағаттық камералық музыка бағдарламалары
1996 жыл Нью-Йоркте Англияның камералық оркестрімен концерті Халықаралық деңгейдегі скрипка жұлдызы ретінде танылды. Ірі музыка компанияларымен тұрақты келісімдер жасады
2005 жыл Үндістанда симфониялық оркестр құру туралы ұсыныс алды. Бұл жоба кейін жүзеге аса бастады. Кейінгі кезең Батыс Қазақстан симфониялық оркестрін ұйымдастыруға атсалысты. Халықаралық жобаларға қатысты (Финляндия, Ұлыбритания әртістерімен концерттер) Karl Jenkins Music Ltd және Sony Classical студияларымен жұмыс жасалды. Францияның мәдениет министрлігінің шақыруымен Парижге қоныс аудару жоспары болды
Білімі
1969 жылы Күләш Байсейітова атындағы музыкалық үчилищенің скрипка класында оқуды бастайды
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, ардақты Н.М.Патрушеваның класына
П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры Борис Владимирович Беленькийдің класына ауысты
Марапаттары
2008 жыл «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді