Марғұлан Бақытұлы Баймұхан

Марғұлан Бақытұлы Баймұхан

ҚР Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі

Туған күні
6 қыркүйек 1974, 51 жаста
Туған жері
Қазақстан; Алматы облысы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша, немісше

Өмірбаяны

Өз еңбек жолын «Daewoo Electronics» компаниясындағы маркетинг және коммерция мәселелері жөніндегі менеджер ретінде бастаған. 1997 жылы Польшада «River System Ltd.» компаниясының экспорт бөлімінің маманы, кеңесшісі, аймақтық директоры (Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері) ретінде жұмыс істеді

Дипломатиялық қызметін 1999 жылдан бастап, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Қазақстанның Польшадағы Елшілігінде жұмыс істеді. 2017 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстанның Польшадағы Елшісі болды. 2019-2021 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары

Қазақстанның Таиландтағы Елшісі, АТМЭӘК жанындағы ҚР Тұрақты өкілі болып тағайындалғанға дейін 2021 жылғы сәуірден бастап Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі, ЕО және НАТО жанындағы ҚР Өкілдігінің басшысы қызметін атқарды

Білімі

Польшадағы Краков экономикалық университетін және Канаданың Ванкувер университетін бітірген

Халықаралық басқарудағы ғылым магистрі, іскерлік әкімшілендіру магистрі

Марапаттары

I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие