Мейрам Мұхаметрахымұлы Бегентаев

Мейрам Мұхаметрахымұлы Бегентаев

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры
Туған күні
01 Мамыр, 1974
51 жас
Туған жері
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Заречное ауылы, Қазақ КСР
Отбасы жағдайы
үйленген Сымбат Әлиқызы Бегентаева
Туыстық байланыс
Амина (қызы)
Жамиля (қызы)
Мирас (ұлы)
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Өміріне қатысты қызықты деректер

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
· Экономика ғылымдарының докторы
· Доцент

Еңбек жолы

· С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті студенттер кәсіподағы комитетінің төрағасы (1994–1999)

· Павлодар университеті мәдениет академиясының директоры (1999)

· Қоғамдық ғылымдар кафедрасының тағылымгер-зерттеушісі (1999–2000)

· Қоғамдық ғылымдар кафедрасының оқытушысы (2000–2001)

· С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде институт директоры, басқарма басшысы, департамент директоры (2001–2004)

· С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің проректоры (2004–2010)

· С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің бірінші проректоры (2010–2012)

· Павлодар облысы әкімінің орынбасары (05.2016–04.2019)

· С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректорының міндетін атқарушы (04.2019–12.2019)

· С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры (12.2019–04.2021)

· Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті ректоры (04.2021 жылдан бастап)

 

Қосымша лауазымдары:· Павлодар облыстық студенттік және жастар еңбек жасақтары штабының жетекшісі (2005)

· Студенттік және жастар еңбек жасақтары (СЖЕЖ) республикалық штабының бірінші орынбасары (2006)

Партиялық тиесілігі:
· «Нұр Отан» партиясының мүшесі
· «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі (01.2022 жылдан бастап)

Білімі

· С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (1996)

· Павлодар университеті (1999)

Марапаттары

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаты (2005)
«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі (2005)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2008)
Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы (2010)