Мереке Әбдешұлы Құлкенов

Мереке Әбдешұлы Құлкенов

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы

Туған күні
8 қараша 1951, 74 жаста
Туған жері
Қазақстан, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылы
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

1971–1973 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің газет-журнал баспасы баспаханасында баспагердің көмекшісі

1993–1997 жылдары – республикалық қоғамдық-әдеби «Жалын» журналының бас редакторы

1997–2006 жылдары – республикалық «Ана тілі» газетінің бас редакторы

2006 жылы – әдеби-көркем, көпшілікке арналған «Таң-Шолпан» журналының бас редакторы

2018 жылдан 2023 жылғы мамырға дейін – Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары

2023 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы

Мереке Күлкенов – «Жібек желі», «Таңғы салқын», «Үрей», «Халел Досмұхамедовтің өмірі мен шығармашылығы», «Қазақстан», «Махаббат мұнарасы», «Жәңгір хан» атты шығармалардың авторы.

Білімі

1978 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған

Марапаттары

1998 жылы – «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы

2001 жылы – «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі

2003 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының лауреаты

2003 жылы – «Қазақстан Республикасының баспа және полиграфия ісінің еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы

«Құрмет» ордені (2004)

«Парасат» ордені (2019)

І дәрежелі «Барыс» ордені (2022)