Михаил Михайлович Бортник
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
Өмірбаяны
Пластмасса зауытында техникалық жабдықтарды жөндеу шебері (1982)
Пластмасса зауыты комсомол комитетінің хатшысы (1985–1986)
Қазақстан Ленин коммунистік жастар одағы Шевченко қалалық комитетінің бірінші хатшысы (1986–1989)
Пластмасса зауытының жылумен қамту учаскесінің бастығы (1989–1993)
Пластмасса зауытының («АКПО» АҚ) бас энергетигі орынбасары (1993–1998)
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары (1998–1999)
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары (1999–2008)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төртінші шақырылым депутаты, Экономикалық және өңірлік саясат жөніндегі тұрақты комитет мүшесі (2008–2011)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төртінші шақырылым депутаты, Экономикалық даму және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комитет мүшесі (2011–2012)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бесінші шақырылым депутаты, Экономикалық даму және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комитет мүшесі (2012–2014)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бесінші және алтыншы шақырылым депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комитет мүшесі (2014–2020)
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі (2020–2022)
Білімі
Павлодар индустриялық институты (1982), инженер-промжылуэнергетик
Орталық Азия университеті (2002), заңгер
Йель университеті мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау бағдарламасы бойынша білім алған (2006)
Марапаттары
«Құрмет» ордені (2007)
Медальдары: «Еңбектегі ерлігі үшін» (1985), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008)
Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хаттары (2000, 2008, 2010)
Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы (2010)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Алғыс хаты, «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі (2019 желтоқсан)