Мишель Джозеф (Michelle Joseph)

Мишель Джозеф (Michelle Joseph)

Моңғолия әншісі, композиторы

Туған жері
Моңғолияда
Тілдерді білуі
Ағылшынша
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

Әнші шыққан тегі бойынша моңғол және чех ұлттарының өкілі. Ол Моңғолияда дүниеге келген, әкесі — чех

Мишель Джозеф моңғол және ағылшын тілдерінде ән айтып, ұлттық әуенді поп, R&B және фанк сияқты заманауи жанрлармен үйлесімді ұштастырады

Әншінің шығармашылық портфолиосында танымал тележобаларға қатысуы бар:

  • «My Voice» (2016) — бұл жобада ол үшінші орын алды
  • «Your Sounds Familiar» — мұнда «Үздік қатысушы» атағын иеленді
  • «That’s My Jam» — қонақ орындаушы ретінде өнер көрсетті

Халықаралық «Silk Way Star» музыкалық байқауының 2025 жылғы жеңімпазы. Ол 2024 жылғы 22 қарашада Астана қаласында өткен гранд-финал қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Финалға жеті орындаушы қатысып, арнайы қонақ ретінде Димаш Құдайберген өнер көрсетті.

Марапаттары

Мишель Джозеф «Достық» орденінің II дәрежесімен марапатталған. Бұл награданы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атынан Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин табыс етті

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх елдің Ұлттық бостандық және тәуелсіздікті қалпына келтіру күнінің 114 жылдығына орай азаматтарды жоғары мемлекеттік атақтармен, ордендермен және медальдармен марапаттау туралы жарлық шығарды

Фото