Мұхтар Тілдәбекұлы Ерман

Мұхтар Тілдәбекұлы Ерман

ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары

Туған күні
5 қыркүйек 1963, 62 жаста
Туған жері
Қазақстан; Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданы «Тимурский» совхозы
Тілдерді білуі
kz, ru, en

Өмірбаяны

1986–1993 жылдары Алматы сәулет-құрылыс институтында ассистент, тағылымдамадан өтуші қызметтерін атқарды

1993–1999 жылдары Алматы қаласында «Яшар холдинг» компаниясының өңірлік менеджері болды

1999–2005 жылдары Алматы қаласындағы «Алматыжарнама» мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарды

2006–2008 жылдары Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары болды

2008 жылғы наурыз бен қараша аралығында Астана қаласында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Орталық аппаратының хатшысы қызметін атқарды

2008–2013 жылдары «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары болды

2013 жылғы шілдеден 2014 жылға дейін «Еуразия» бірінші арнасы» ЖШС бас директорының орынбасары қызметін атқарды

2014 жылғы мамыр мен 2016 жылғы қаңтар аралығында Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясы аппаратының жетекшісі болды

2016 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі болды

2018–2021 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарды

2021 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы, Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі болды

2022 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі

2022 жылғы 30 наурыздан 2024 жылғы 13 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы қызметін атқарды

2024 жылғы 13 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары

Білімі

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1986) — шет тілінде тарих пәнін оқыту мамандығы бойынша тарихшы, оқытушы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (1998) — заңгер

Марапаттары

Ордендері:

«Құрмет» ордені

ТМД ПАА «Достастық» ордені (16.12.2021)

Медальдары:

«Ерен еңбегі үшін»

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл»

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»

«10 жыл Астана»

Марапаттары:

ТМД ПАА Кеңесінің Құрмет грамотасы (12.2020)