Мұрат Әділғазыұлы Қайырбек
ҚР Құрылтайындағы өкілдігінің басшысы
Өмірбаяны
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық құқық кафедрасының оқытушысы, Алматы қаласы (09.2003-11.2004)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратында әртүрлі қызметтер атқарды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі орынбасары (11.2004-09.2016)
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінің инспекторы, сектор меңгерушісі, Астана қаласы (09.2016-07.2019)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (2019-2026)
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Құрылтайындағы Өкілдігінің басшысы (03.09.2026)
Білімі
Қазақ мемлекеттік заң академиясы, «Құқықтану» мамандығы, заңгер (2001)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Халықаралық құқық» мамандығы, халықаралық құқық магистрі (2003)
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі (2009)
Эксетер университеті (Ұлыбритания), «Халықаралық қатынастар» мамандығы, халықаралық қатынастар магистрі (2012)
Марапаттары
«Құрмет» ордені (2026)
«Ерен еңбегі үшін» медалі (2021)