Мұрат Ғалиасқарұлы Қожанов

Мұрат Ғалиасқарұлы Қожанов

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Цифрландыру және инновациялар институтының директоры
Туған күні
26 Тамыз, 1992
33 жас
Туған жері
Қазақстан, Қарағанды қаласы
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

Еңбек жолын 2015 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде кафедра зертханасының меңгерушісі болып бастаған

2015–2025 жж. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде басшылық және ғылыми-педагогикалық қызметтер атқарды. Атап айтқанда, электрондық білім беру технологиялары ғылыми-зерттеу институтының директоры, цифрландыру басқармасының басшысы, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры қызметтерін атқарған

2025 жылдың ақпан айынан бастап Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді

 

Білімі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша бакалавр

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша магистр

Óbuda University (Венгрия), Doctoral School of Applied Informatics and Applied Mathematics докторантурасы

Марапаттары

Ғылыми жарияланымдардың авторы, бірқатар ақпараттық жүйелерге авторлық куәліктердің иегері

«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2023» атағының иегері

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі

Архив казинформ
Посмотреть еще