Мұрат Құттыбайұлы Саурықов
Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
Өмірбаяны
2005 жылғы 28 ақпаннан 2013 жылғы 29 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті аппаратының Жамбыл облысы бойынша бас маманы қызметін атқарды (Тараз қаласы)
2013 жылғы 1 қаңтардан 2018 жылғы 7 қаңтарға дейін Жамбыл облысы әкімдігінің Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болды (Тараз қаласы)
2018 жылғы 8 қаңтардан 10 қазанға дейін Жамбыл облысы әкімдігінің Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдары бөлімінің бастығы қызметін атқарды
2018 жылғы 11 қазаннан 2019 жылғы 10 қарашаға дейін Жамбыл облысы әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдары бөлімінің бастығы болды (Тараз қаласы)
2019 жылғы 10 қарашадан 2023 жылғы ақпанға дейін Жамбыл облысы әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарды
2023 жылғы ақпан айынан бастап Жамбыл облысының Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді
Білімі
2002 жылы Жамбыл университетін «Көлік инженері» мамандығы бойынша тәмамдаған
2006 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген