Мұрат Рахметұлы Мұқаев

Мұрат Рахметұлы Мұқаев

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы

Туған күні
19 ақпан 1969, 57 жаста
Туған жері
Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

Орал қаласындағы Фурманов ауданы салық инспекциясының есеп жөніндегі инспекторы (1992–1994)

«Игілік-банк» Орал филиалының жетекші, аға маманы (1994–1996)

Қазақстан Халық Жинақ банкінің облыстық филиалында бухгалтер, менеджер (1996–1997)

Батыс Қазақстан облысы бойынша кедендік басқарманың «Сайхын» кеден бекетінің инспекторы (1997–1998)

Батыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде инспектор, бас инспектор, аға инспектор, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, департамент бастығының орынбасары (1999–2004)

Батыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Орал – кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекеті бастығының міндетін атқарушы, кейін бастығы (2004–2007)

Шығыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Өскемен – кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекеті бастығының міндетін атқарушы (2007–2009)

Батыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Тасқала» кеден бекетінің бастығы (2009–2011)

Орал қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы (2011–2013)

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының әкімі (28.06.2013 – 05.2016)

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының әкімі (05.2016 – 06.2017)

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әкімі (28.06.2017 – 12.08.2019)

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (08.2019 – 12.2022)

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы (12.2022 – 03.2023)

Білімі

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты, «Бухгалтерлік есеп және экономика» мамандығы

Каспий қоғамдық университеті