Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов

Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Туған күні
1 шілде 1985, 41 жаста
Туған жері
Қазақстан
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

Маңғыстау облысы Өртке қарсы қызмет департаментінің Өртке қарсы нормалау және лицензиялау басқармасы нормативтік-техникалық бөлімінің инженері (07.2006–2007)

Маңғыстау облысы Өртке қарсы қызмет департаментінің Мемлекеттік өрт бақылауы басқармасы өртке қарсы нормалау бөлімінің аға инженері (2007–2009)

Маңғыстау облысы Өртке қарсы қызмет департаментінің Мемлекеттік өрт бақылауы басқармасы өртке қарсы нормалау бөлімінің бас маманы (2009–2010)

Маңғыстау облысы Өртке қарсы қызмет департаментінің Мемлекеттік өрт бақылауы басқармасы өртке қарсы нормалау бөлімінің бастығы (2010–12.2016)

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы (12.2016)

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары (2017–12.2020)

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы (12.2020–01.2024)

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының міндетін атқарушы орынбасары (01.2024–04.2024)

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы (04.2024–06.2026)

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы (06.2026–03.09.2026)

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі (03.09.2026 жылдан бастап)

Білімі

2006 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған

Марапаттары

«Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» III дәрежелі медалі

«Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» II дәрежелі медалі

«Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі

«ҚР ІІМ ТЖ комитетіне – 20 жыл» мерейтойлық медалі

Ресей ТЖМ-нің «Құтқару жолындағы ынтымақтастық үшін» медалі

«ҚР ІІМ Қазақстан полициясына – 25 жыл» төсбелгісі

«Өртке қарсы қызметке – 100 жыл» төсбелгісі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы