Мұратжан Жүнісбекұлы Мұсайбеков
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры
Өмірбаяны
«Райымбек» АҚ экономикалық мәселелер жөніндегі менеджері (1995–1997)
Алматы қаласы Салық комитетінің жергілікті салықтар бөлімінің салық инспекторы, заңды тұлғаларды тексеру бөлімінің салық инспекторы, заңды тұлғалардың салық аудиті секторының аға салық инспекторы, заңды тұлғалардың салық аудиті секторының бас салық инспекторы (1997–2000)
Алматы қаласы Түрксіб ауданы Салық комитетінің өндіріп алу бөлімінің бас салық инспекторы (2000–2001)
Алматы қаласы Салық комитетінің жеке тұлғалар бөлімі жетекші салық инспекторы (2001)
«ICS Inspection and Control Services Kazakhstan» компаниясының өңірлік өкілдігінің директоры, бақылауды ұйымдастыруды басқару департаментінің директоры, бас директордың орынбасары (2001–2006)
«Васильковский ТКК» АҚ коммерция жөніндегі вице-президентінің орынбасары, атқарушы директоры (2006–2008)
«DIG1TEC» ЖШС атқарушы директоры (2008)
«АК Алтыналмас» АҚ тәуелсіз директоры, директорлар кеңесінің мүшесі (2008–2009)
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ маркетинг және мұнай өңдеу жобалары жөніндегі бас менеджері (басқарушы директоры), мұнай-газ өңдеу және мұнай-химиясын дамыту департаментінің директоры, мұнай-газ өңдеу және мұнай-химиясы жобаларын іске асыру жөніндегі директоры (басқарушы директоры) (2009–2013)
«КМГ-ПМ» АҚ және «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ даму жөніндегі бас директорының орынбасары қызметін қоса атқарған басқарма төрағасы (2014–2015)
«ҚазМұнайГаз-ПМ» АҚ маркетинг жөніндегі бас директордың орынбасары, даму жөніндегі бас директордың орынбасары, даму және трансформация жөніндегі бас директордың орынбасары, бизнесті қолдау жөніндегі бас директордың орынбасары (2013–2017)
KMG-PM Rominserv S.R.L. директорлар кеңесінің төрағасы, сонымен қатар бизнесті қолдау жөніндегі бас директордың орынбасары қызметін қоса атқарды (2015–2018)
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директорының корпоративтік басқару жөніндегі кеңесшісі, басқарма мүшесі (2018)
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өңдеу жөніндегі басқарушы директоры (2019)
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры (2026 жылғы тамыздан бастап)
Білімі
Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, экономист мамандығы
«Әділет» құқықтану академиясы, заңгер-құқықтанушы мамандығы
Атырау мұнай және газ институты, «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы