Бағдат Батырбекұлы Мусин

Бағдат Батырбекұлы Мусин

"Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы
Туған күні
03 Наурыз, 1983
42 жас
Туған жері
Қазақстан, Павлодар облысы Екібастұз қаласы
Отбасы жағдайы
үйленген Мусина (Ауганбаева) Дина Алпиевна
Туыстық байланыс
Батырбек Аружан Багдатқызы (қызы)
Батырбек Бірғаным Бағдатқызы (қызы)
Батырбек Алдияр Бағдатұлы (ұлы)
Батырбек Абдукарим Бағдатұлы (ұлы)
Батырбекұлы Абдурахим Бағдатұлы (ұлы)
Тіл білуі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша, Түрікше
Еңбек жолы

«NAT» АҚ, «Izет» ЖШС және өзге де жеке компанияларда қызметкер (2004)

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік органдарында IT -бөлімшелерін құру департаментінің бас инженері, бөлім бастығы, директордың орынбасары (2004-2007)

«AMANAT-insurance» СК АҚ-да ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесші-консультант (2004–2007)

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық жүйелерді қолдау бөлімінің бастығы, министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі, Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасар (2007-2011)

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары (2011-2012)

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы (2012-2014)

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (2014)

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы (2014-2017)

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы (2017-2018)

Bi Group құрылыс холдингі басқарма төрағасының орынбасары, корпоративтік венчурлік қордың басшысы (2018–2019)

ReKassa, Tastamat және өзге де IT-стартаптардың тең құрылтайшысы, IT-кәсіпкер (2019–2020)

Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі (2020)

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш индустриясының бірінші вице-министрі (2020-2022)

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (2022-2024)

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы (2024 бастап)

Білімі

Сүлейман Демирел университеті (2004)

Мамандығы: «Компьютерлік технологияның бағдарламалық және аппараттық құралы»

Қазақ заңтану және халықаралық қатынастар институты (2006)

Мамандығы: «Заңгер»

Марапаттары

«Ерен еңбегі үшін» медалі
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі