Нартай Әлібекұлы Егембердиев

Нартай Әлібекұлы Егембердиев

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы

Туған жері
Қазақстан
Тілдерді білуі
kz, ru
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

2014–2018 жылдары Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жүйесінде инженер, директордың орынбасары және бөлім басшысы қызметтерін атқарды

2018–2019 жылдары Қазақстан Республикасы Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасында сарапшы болды

2019–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасында сарапшы, кейін бас сарапшы қызметтерін атқарды

2023 жылдан 2025 жылғы наурызға дейін Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары болды

2025 жылғы наурыздан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді

Білімі

2013 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университеті орман шаруашылығы мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды

2015 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университеті ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленді