Әнуар  Мұратұлы Ахметжанов

Әнуар Мұратұлы Ахметжанов

«Қазақстан темір жолы» АҚ Стратегия және цифрландыру жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары
Туған күні
12 Желтоқсан, 1975
49 жас
Туған жері
Қазақстан, Қарағанды қаласы
Туыстық байланыс
Марат Мұратұлы Ахметжанов (ағасы)
Тіл білуі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша
Еңбек жолы

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Халықаралық экономикалық қатынастар» кафедрасының оқытушысы (1996-2000 жж.)

«Қазақойл «ҰМК» ЖАҚ Стратегиялық жоспарлау департаментінің бас талдаушысы, сыртқы экономикалық байланыстар департаментінің бас менеджері, Солтүстік-Каспий жобасы бойынша департаментінің менеджері (2000-2003 жж.)

«ҚазМұнайТеңіз «ТМК» АҚ директорының орынбасары, жобалық талдау департаментінің директоры (2003-2004 жж.)

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ теңіз жобаларын дайындау департаменті директорының орынбасары, директоры (2004-2006 жж.)

«Самұрық-Қазына» холдингі» АҚ-да мұнай-газ активтерін басқару жөніндегі топтың бас сарапшысы (2006-2007 жж.)

Мұнай барлау және өндіру жобалары бойынша Атқарушы директор, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас менеджері (2007-2010 жж.)

«Қазгермұнай» БК ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары (2010-2012 жж.)

Қарағанды облысы әкімінің өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, индустрияландыру және инвестициялар мәселелері жөніндегі орынбасары (2012-2016 жж.)

ҚР Президенті Әкімшілігінің инспекторы (2016 ж.)

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жауапты хатшысы (2016-2019 жж.)

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жауапты хатшысы (2019-2020 жж.)

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі (2020-2021 жж.)

«Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін)

Білімі

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (1996)

Халықаралық экономикалық қатынастар бойынша экономист

Джонс Хопкинс университеті, Вашингтон (АҚШ) Президенттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша (2000)

Халықаралық қаржы және халықаралық қатынастар магистры

Марапаттары

«Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018 ж.)

«Құрмет» ордені (2018 ж.)

«Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісі (2020 ж.)

«ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2020 ж.)