Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев
ҚР Құрылтайының I шақырылым депутаты («Әділет» партиясы)
Өмірбаяны
Қазақстан Республикасының грек-рим күресі федерациясының спортшы-нұсқаушысы
Астана қаласындағы «Штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК грек-рим күресінен спортшы-нұсқаушысы
Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «№12 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» МКҚК әдіскері, оқу-спорт жұмысы жөніндегі директордың орынбасары
Талдықорған қаласындағы «Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ директоры (03.2014–10.2018)
Алматы облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы (10.2018–07.2023)
Алматы облысы Кеген ауданының әкімі (07.2023–08.2026)
Қазақстанның грек-рим күресінен ұлттық құрамасының капитаны (2001–2013)
Афины Олимпиадасының қатысушысы (2004)
«Әділет» партиясынан Қазақстан Республикасы Құрылтайының I шақырылым депутаты (27.08.2026 жылдан бастап)
Білімі
2002 жылы Қ. Мұңайтпасов атындағы республикалық спорт колледжі «дене шынықтыру және спорт»
2007 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар Академиясы «кеден ісі»
2007 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, күрес жаттықтырушысы»
2009 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар Академиясы «көлікті пайдалану және тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру»
2014 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «педагогика ғылымының магистрі» мамандықтары
Марапаттары
Нұрбақыт Молдахметұлы грек-рим күресінің палуаны, жастар арасында әлем чемпионы (Стамбул, 2003 жыл)
2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері
2009 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері
«Құрмет» орденінің иегері