Нұрбек Әбубәкірұлы Оршүбеков

Нұрбек Әбубәкірұлы Оршүбеков

Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы

Туған күні
9 желтоқсан 1979, 46 жаста
Туған жері
Өзбекстан, Чирчик қаласы
Тілдерді білуі
kz, ru
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

2004–2010 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы, аға оқытушы, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі декан орынбасары, оқу үдерісі бөлімінің бастығы, ғылым және инновациялар департаментінің директоры, ректордың көмекшісі, математика және компьютерлендіру кафедрасының доценті қызметтерін атқарды

2011–2015 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Алматы және Астана қалаларындағы білім саласын бақылау департаменттерінің басшысы болды

2015 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы мамырға дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды

2016 жылғы 16 мамыр мен 31 тамыз аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары болды

2016 жылғы тамыздан 2017 жылғы қазанға дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін қайта атқарды

2017–2018 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы болды

2025 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді

Білімі

2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Математика бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған

Физика-математика ғылымдарының кандидаты

Халықаралық инженерлік академияның корреспондент-мүшесі

Марапаттары

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының ғылым мен техника саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін жас ғалымдарға арналған сыйлығының лауреаты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған