Нұрбек Саясат

Нұрбек Саясат

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
Туған күні
18 Мамыр, 1981
44 жас
Туған жері
Семей қаласы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша, Түрікше, Арабша, Латынша, Жапонша, Итальянша
Еңбек жолы

ЕҢБЕК ӨТІЛІ:

АҚШ Конгресінің мүшесі Марк Смиттің, АҚШ Президенттігіне кандидат Альберт Гордың сайлауалды науқандарында көмекші, Айова штаты үкіметінің ақпараттық-есептеу департаментінің кеңесшісі (АҚШ) (2000–2002)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры, «Art-Motion» ЖШС директоры (2002–2006)

Менеджер, бас менеджер, «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі (2006–2008)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің кадр саясаты бөлімінің сектор меңгерушісі (2008)

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының доценті, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-ректоры (2008)

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ кадр жұмысы және персоналды басқару департаментінің атқарушы директоры, директоры (2008–2009)

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің директоры (09.2009–10.2010)

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті (11.2010–09.2013)

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры (09.2013–08.2015)

Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушы директоры (07.2016–12.2017)

National Geographic Kazakhstan кеңесшісі (12.2017)

BTSDigital білім беру жобаларының жетекшісі, BTS Education бас директоры (09.2018)

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
(11.06.2022, 04.04.2023 қайта тағайындалды, 06.02.2024 жылдан бастап қайта тағайындалды).

Білімі

БІЛІМІ:

Маршаллтаун колледжі (АҚШ)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2004)

La Sapienza университетінің магистратурасы (Италия)

Мамандықтары: саясаттанушы, заңгер, геосаясат және халықаралық қауіпсіздік магистрі

Марапаттары

Медаль «Астананың 20 жылдығы»

«ЗКГМУ-дың мерейтойлық медалі»

Медаль «КАТЭВ-ке 20 жыл»

Медаль «Еңбек ерлігі үшін»

ҚазГЮУ-дың Құрмет белгісі

Медаль «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультетіне 15 жыл»

Медаль «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»

Медаль «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл»