Нұрбол Мейрамұлы Жанабеков

Нұрбол Мейрамұлы Жанабеков

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік қолдау және кәсіпкерлікті қорғау департаментінің директоры

Туған жері
Қазақстан, Қарағанды қаласы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

2012–2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің тұрғын үй құрылысы басқармасының сарапшысы

2013–2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінде бас сарапшы, басқарма басшысы

2017–2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық ұйымдарды басқару бөлімінің бас инспекторы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында 1-санатты сарапшы

2019–2020 жылдары – «Кәсіпкерлікті дамыту зерттеу орталығы» ЖШС жобалық топтарының жетекшісі, «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ вице-президенті

2020–2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры

2021 жылғы сәуір – 2022 жылғы сәуір аралығында – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тарифтер және маркетингтік талдау департаментінің директоры

2022 жылғы сәуір – 2023 жылғы тамыз аралығында – Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы

2023 жылғы тамыздан бастап – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік қолдау және кәсіпкерлікті қорғау департаментінің директоры

Білімі

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті
«Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
«Құқықтану» мамандығы

Фото