Сүйіндіков Нұрдәулет Мықтыбекұлы

Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы
Туған күні
26 Маусым, 1980
44 жас
Туған жері
Түркістан облысы, Қазақстан
Тіл білуі
Орысша, Қазақша
Еңбек жолы

Шымкент қалалық прокуратурасында құқықтық статистика және ақпарат маманы. «Қазақтелеком» АҚ Оңтүстік аймақтық телекоммуникациялар дирекциясында заңгер (2000 ж)

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы прокурорының аға көмекшісі, Шымкент қалалық прокуратурасының мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот қаулыларының және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы (2001-2005 жж)

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау Департаментінің қаржы-несие саласында заңдардың қолданылуына қадағалау бөлімінің аға прокуроры, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың қолданылуына қадағалау бөлімінің бастығы, Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі-Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесінің Хатшысы лауазымдарында жұмыс істеді (2005-2010 жж)

Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры (2010-2011 жж)

Бас прокуратураның Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау Департаменті басқармасының бастығы, Департамент бастығының орынбасары (2011-2016 жж)

Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды (2016-2018 жж)

Коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымда (2018 ж)

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің кеңесшісі болды (2020 ж)

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ресми өкілі фунцияларын атқарды (2009-2016 жж)

ҚР Бас прокуратурасының стратегиялық даму департаментінің бастығы (07.06.2022-13.01.2023 жж)

ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы (13.01.2023-21.10.2023 жж)

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті төрағасы (21.10.2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін)

Білімі

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (2000 жыл)
«Құқықтану» мамандығы

Мәскеу қаржылық-өнеркәсіптік «Синергия» университеті (2018-2020 жж)
«МВА – «Стратегиялық менеджмент» бағдарламасы

Ресей халықтар достығы университетінің қосымша кәсіптік білім курсы (2021 ж)

«Халықаралық құқық саласындағы заңгер» профилі бойынша В.Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университеті (2022 ж)

Марапаттары

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі сыныптық шені берілген

«1-ші дәрежелі Прокуратура үздігі» төсбелгісімен

ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальдарымен марапатталған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы Жарлығымен мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» мерейтойлық медальдармен марапатталған

Фото
Архив казинформ
Посмотреть еще