Нургалиев Ербол Жолдаспекович

Нургалиев Ербол Жолдаспекович

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Туған күні
10 ақпан 1975, 51 жаста
Туған жері
Семей облысы, Жарма ауданы, Михайловка ауылы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша

Өмірбаяны

05.09.1994 – 20.08.1995 – Семей облысы, Жарма ауданындағы Чапаев атындағы орта мектептің мұғалімі;

01.03.1996 – 01.09.1996 – Чапаев атындағы орта мектептің мұғалімі;

01.09.1996 – 05.10.2002 – Чапаев атындағы орта мектептің директордың орынбасары;

07.10.2002 – 13.02.2003 – Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ішкі саясат бөлімінің міндетін атқарушы меңгерушісі;

13.02.2003 – 01.01.2005 – Аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;

01.01.2005 – 16.06.2005 – «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы;

16.06.2005 – 21.04.2009 – Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің көмекшісі;

21.04.2009 – 20.12.2009 – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімінің көмекшісі;

20.12.2009 – 25.04.2011 – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары;

25.04.2011 – 05.06.2015 – Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы;

24.06.2015 – 18.11.2015 – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының міндетін атқарушы;

18.11.2015 – 28.12.2015 – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары;

29.12.2015 – 05.05.2017 – Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының басшысы;

05.05.2017 – 20.11.2018 – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары;

21.11.2018 – 02.09.2019 – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі;

03.09.2019 – 31.07.2022 – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы;

13.07.2023 – н/қ – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы;

2024 жылғы шілдеден бастап – қазіргі уақытқа дейін – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Білімі

1994 жыл – М.О. Әуезов атындағы Семей педагогикалық училищесі;
2000 жыл – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті;
2010 жыл – Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті;
2018 жыл – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті;

Мамандығы: «Тарих және құқық пәнінің мұғалімі», «Экономика және бизнес магистрі».

Марапаттары

Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» мерекелік медалі – 10.11.2011;

Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» мерекелік медалі – 29.11.2016.