Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов

Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

Туған күні
8 сәуір 1975, 51 жаста
Туған жері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

1992 жылғы қараша – 1993 жылғы мамыр – «Шымкентмелиорация» ПМК-23 ұйымының жұмысшысы

1997 жылғы ақпан – 1998 жылғы маусым – Шымкент қаласы бойынша қаржы бөлімінің жетекші маманы

1998 жылғы маусым – 2004 жылғы наурыз – Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы департаментінде бас маман, бөлім бастығы

2004 жылғы наурыз – 2008 жылғы қаңтар – Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының қаржы бөлімінің бастығы

2008 жылғы қаңтар – шілде – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі бөлімінің бастығы

2008 жылғы шілде – 2009 жылғы мамыр – Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары

2009 жылғы мамыр – 2013 жылғы қыркүйек – Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары

2013 жылғы қыркүйек – 2016 жылғы маусым – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы

2016 жылғы 23 маусым – 2022 жылғы 1 желтоқсан – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі

2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

Білімі

Қарағанды экономикалық университеті, Қазтұтынуодағы (2000)

Марапаттары

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісі (2019 жылғы желтоқсан)

«Ерен еңбегі үшін» медалі (2020)