Нұрлан Ерғалиұлы

Нұрлан Ерғалиұлы Әбдірахым

Алматы қаласының әкімінің орынбасары
Туған күні
09 Маусым, 1980
45 жас
Туған жері
Жамбыл , Қазақстан
Отбасы жағдайы
үйленген Абылқасымова Мадина Ерасылқызы
Туыстық байланыс
Аружан (2007 ж.т.) (қызы)
Диана (2009 ж.т.) (қызы)
ұлы – Әлихан (2015 ж.т.) (ұлы)
Тіл білуі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша
Еңбек жолы

«Джакубаев Д. М.» ЖШС, аға заңгер (1999–2001)
«Астанаэнергосервис» ААҚ, бақылаушы (2001–2002)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, тағылымгер, жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, бөлім басшысының орынбасары, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары (2002–2007)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің директоры (01.2007–09.2007)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңға бағынысты актілер департаментінің директоры (09.2007–02.2009)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы, министр кеңесшісінің міндетін атқарушы (02.2009–01.2012)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі, мемлекеттік инспектор (02.2012–2019)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, мемлекеттік инспектор (2019–05.2021)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары (05.2021–2023)
Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары (04.2023–10.2025)
Алматы қаласы әкімінің орынбасары (10.2025 бастап) 

Білімі

«Қайнар» университеті (2001)
Заңгер

Йель менеджмент мектебі, «Басқару саласындағы басшыларға арналған ілгерілетілген курстар» бағдарламасы (Коннектикут, АҚШ, 2006)
«Голландиядағы бірыңғай қызмет көрсету органы: ішкі көзқарас» (Голландия, 2006)
«Әкімшілік реформалау бағдарламасы: орталықсыздандыру, фискалдық жоспарлау және менеджмент» (Дьюк университеті, Солтүстік Каролина, АҚШ, 2008)

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі (2016)

Архив казинформ
Посмотреть еще